Ашық есік күндері өткізіледі
8-10.01.2018 2018 жылдың қаңтар айының 8-10 аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің кітапханасында Ашық есік күндері өткізіледі. Келушілер техникалық, ақпараттық, физика-математикалық бағыттарда ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен таныса алады. Сондай-ақ, кітапхана қорына кіріп, аралай алады. Кітапханаға келушілер кестесі: 08.01.2018 – Информатика кафедрасы 09.01.2018 – Физика кафедрасы 10.01.2018 – Математика кафедрасы
Көбірек