Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 31)

Ректор шетелдік студенттермен кездесті

Жаңа оқу жылының алғашқы күндері Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 1-курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізген болатын. Бүгін Студенттер сарайында университет ректоры шет елдерден келген 200-ге жуық 1-курс студенттерімен арнайы кездесті.  Кездесуде ректор студенттерге оқу орнының ішкі тәртібі мен негізгі ережелерін түсіндіріп, университет қабырғасында және одан тыс жерде қоғамдық тәртіп сақтаудың

Көбірек

«Брейн ринг» зияткерлік сайысы латын әліпбиін қолдауға арналды 

"Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жаратылыстану факультетінде студенттердің ғылыми кеңесінің ұйымдастыруымен "Не? Қайда? Қашан?" тақырыбында "Брейн ринг" зияткерлік сайысы өтті. Шараның мақсаты - студенттерді латын әріпін қолдауға, білімділікке, алғырлыққа және шапшаңдылыққа тәрбиелеу; логикалық ойлау мен топтағы жұмыс дағдыларын дамыту; дарынды және талантты студенттерді анықтау; сенімділік қасиеттерін қалыптастыру мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру

Көбірек

Мәнерлеп оқудан бейне-поэтикалық эстафета

Өтежан Нұрғалиевтің 80-жылдығын тойлау аясында Жұбанов университетінде мәнерлеп оқудан бейне-поэтикалық эстафета өтуде. Аталмыш шараны Жұбанов университетімен «Керек.info» қоғамдық-ақпараттық апталық газеті және С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Эстафетаның негізгі мақсаты - қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, Ақтөбе облысының рухани әлауқатын дәріптеу, жас таланттарды қолдау болып отыр. Бейне-поэтикалық эстафетаға гуманитарлық

Көбірек

Абай мұраларына арналған музыкалық-поэтикалық кеш өтті

Бүгін университетінің ғылыми кітапханасы Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының бірлесіп «Абай - дана, Абай - дара қазақта» тақырыбында музыкалық-поэтикалық кеш ұйымдастырды. Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған университеттің  ғылыми кітапханасының бас кітапханашы Жәния Сүндетова Музыкалық-поэтикалық кеш «Хореография» мамандығының 1-курс студенттерінің орындауындағы «Абай» операсы желісіне құрылған «Қыздар биі» қойылымымен ашылды. Кеште студенттер Абай Құнанбаевтың өмірі

Көбірек

Физика-математика факультетінде «АПРО» ЖШС бірлескен семинар өтті

Аталмыш семинарды Жұбанов университеті физика-математика факультеті "Информатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасы "АПРО" ЖШС-мен біргелікте ұйымдастырған болатын. Жоғары санатты IT-мамандары бар бұл компания Ақтөбе қаласындағы ақпаратты технологиялар нарығының үздігі болып табылады. "АПРО" компаниясының мамандары Галия Кирейчева мен Жазира Нұрыллаева «SQL-ға кіріспе» тақырыбында семинар өткізді. Семинар спикерлерінің айтуынша "SQL - бұл құрылымдық сұранымдар тілінің қысқартылған атауы,

Көбірек

«Өз ұстазыңды құттықта!» апталық жастар акциясы басталды

Әр адамның өмірінде ерекше орын алатын, ерекше ықыласпен еске алатын ұстазы болады. Бүгін Жұбанов университетінің белсенді студенттері қоғамдық көліктерде қала тұрғындары мен қонақтарының естеріне ұстаз алдындағы борышын естеріне салды. Аталмыш шара Ұстаздар күні қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Жастар А.Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін орындап көліктегі жолаушыларға «Өз ұстазыңды құттықта!» деген флаерлар

Көбірек

Физика-математика факультетінде ағылшын клубы ашылды

Өткен жұма күні физика-математика факультетінде факультет деканы Алтыншаш Бекбауованың, кафедра меңгерушілерінің, әртүрлі факультет студенттерінің қатысуымен «English club FM» ағылшын клубының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Клубтың негізгі мақсаты ағылшын тілін жетік меңгеріп, тілдік кедергілерді жеңу және студенттер арасында ағылшын тілін дамыту болып табылады. Клуб басшылығының құрамында шет тілі пәнінің оқытушылары Гүлнар Сагиева,

Көбірек

1-курс студенттері белсенділер қатарына қабылданды

Бүгін Студенттер сарайында Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттерінің белсенділер қатарына қабылдау шарасы өтті. 1-курс студенттерін университет және факультет өмірімен жан-жақты таныстыру және студенттік өмірге бейімдеу мақсатында өткен шарада  ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова,  белгілі тележурналист, «Қазақстан» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының

Көбірек

«Ректормен кездесу» апталығы мазмұнды өтті

Жаңа оқу жылының басында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 1-курс студенттерімен кездесті. Биыл ректор екінші жыл қатарынан барлық факультеттің 1 курс білім алушыларымен кездесу өткізіп отыр.   Дәстүрге айналған кездесудің мақсаты – студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспарлармен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және түрлі жеңілдіктермен таныстыру. Бір

Көбірек