Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 36)

Жұбанов жастары Қытайда үздік өнер көрсетті

Қытай Халық Республикасының мәдениеті күндері аясында өткен халықаралық жарысқа Жұбанов университетінің студенттері қатысып, «Ең үздік өнер» номинациясын иеленді. Олар қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Синьцзян қаржы экономикалық университетінде оқып жатыр. Өнерлі жастар жарыста қытайлықтардың  «Тайцзицюань» деп аталатын сауықтыру жаттығуын тамаша орындап шықты. Жауынгерлік рухта көрсетілетін бұл өнер қытайлықтар арасында кең танымал.

Көбірек

«Корей тілі» орталығы жұмысын бастады

Университетте Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы «Tongmyong» университетімен бірлестікте ашылған «Корей тілі» орталығы корей тілінің курстық сабақтарын бастады. «Корей тіл» орталығында корей тілі сабақтарымен қатар, каллиграфия, корей тағамдарын дайындап үйрену, дәстүрлі қолөнер  және т.б. қосымша мәдени сабақ түрлері өткізіледі. «Корей тілі» орталығы Корей тілінің негіздерінен бастап, халықаралық стандарттарға сәйкес тілді еркін игеруге

Көбірек

Челябі сапары табыспен аяқталды

8 - 9 қараша аралығында  Ресейдің Челябі  қаласында  Қазақстан мен Ресей арасында өңіраралық форум өтті. Оған екі ел президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин қатысты. Форумда  адам капиталын бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар, қазіргі заманғы университеттердің инновациялық қызметін дамыту, Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының стратегиялық серіктестігі ретінде білім беру мәселелері де талқыланды.

Көбірек

Магистранттар шетелдік ғылыми тәжірибеден оралды

«Филология» мамандығының 2-курс магистранттары - Аяжан Бексұлтанова және Іңкәр Садықова 29 қазан мен 5 қараша аралығында Башқұртстан мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп, елге оралды. Жас зерттеушілер сапарларына риза көңілмен, әсерлерімен бөлісті. «Алғашқы күні башқұрт филологиясы мен журналистика факультеті деканының орынбасары Ирена Кульсаринамен танысып, апталық жоспар құрдық. Кейін оқу орнының кітапханаларын аралап,

Көбірек

Құрметке лайықты ұстазды құттықтау кеші

2017 жылдың 20 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультетінде факультет кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Салтанатты жиынға университет басшылығы өкілдері, педагогика факультетінің деканы Жанна Жүсіпова, факультет ұжымы қатысты. Басқосу педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Ермекбайқызының құрметті демалысқа шыққан мерейтойына орай ұйымдастырылды. Университетте 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарып,

Көбірек