Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 37)

Ақтөбенің құрметті азаматы, профессор Цхай Константин Валентинович – 75 жаста

Цхай Константин Валентинович–Қызылорда облысы, Жаңақорған қаласының тумасы. Ол Қызылорда педагогикалық институтын «Физика және жалпытехникалық пәндер» мамандығы бойынша тәмамдаған соң Мәскеу ғылыми-зерттеу физика-химия институтының «Молекулярлық спектроскопия» мамандығына аспирантураға оқуға түседі. Еңбек жолын туған елінде мектеп мұғалімдігінен бастаған ол 60-шы жылдардың аяғында Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетке қызметке келді. Жас ұстаз жоғары

Көбірек

Болашақ дизайнерлер Республикалық пәндік олимпиададан жүлдемен оралды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Сәулеттік дизайн» мамандандыруы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттерінен құралған «Алмаз» командасы қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Команда капитаны «Дизайн» мамандығының 4-курс студенті Жігер Кенжеғалиев болды. Топтың ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының

Көбірек

Құрметті профессор-оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар!

Халқымыз жыл басы санаған бірлік пен береке мейрамы Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жыл басы Наурызбен бірге қаһарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күн дастарқан аққа толатын, алыс кеткен ағайын қауышып, араз жандар татуласқан, іргеміз ізгілікке бөленген күн. Күн мен түн теңелген ерекше мейрам. Жыл қайыру

Көбірек

Құрметті арулар!

Көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның

Көбірек

Құттықтаймыз!

Жұбанов университеті студенті Мейрамбек Шекернаев «Зиялы қазақ» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен Ректор кубогіне арналған республикалық «Рухани жаңғыру – жастар назарында» атты пікірсайыс турнирінің «Жастар лигасының» бірінші орын иегері атанды. Құттықтаймыз!

Көбірек

Құттықтаймыз!

Филология ғылымдарының кандидаты, «Теориялық және қолданбалы тілі білімі» кафедрасының аға оқытушысы Күлшат Қоңдыбай «Инновация: теориядан тәжірибеге»  педагогикалық идеялар фестивалінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Фестиваль «Білім - Образование – Education» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының екі жылдығына орай техникалық, кәсіптік және жоғары білім бағытына арналды. Құттықтаймыз!

Көбірек

Жұбанов университеті студенттері «Үздік студент мақаласы — 2018» байқауының жеңімпаздары

Бұл ХІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық байқау Ресей Федерациясының Пенза қаласында өтті. Байқауға экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері Азиза Кулмагамбетова мен Айдана Жакенова қатысып,  жүлделі бірінші иеленді. Оларды байқауға дайындаған «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Асел Бекбауова. Шын жүректен құттықтаймыз!    

Көбірек

Жас ақын Жақсылық Әлихан – айтыс жеңімпазы

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ақпан айының сегізінші жұлдызында Астана қаласында өткен және Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ұлы даланың ұланымын" атты республикалық жастар айтысында Жұбанов университетінің филология факультетінің 2-курс студенті Жақсылық Әлихан өнер көрсетті. Жас ақындар додасында Жақсылық қанжығасына жүлделі бірінші орынды байлады.

Көбірек