Понедельник, Май 6, 2024
Басты > 2019 > Декабрь (Страница 4)

Құрметті университет ұжымы мен білім алушылар!

Сіздерді университетіміздің 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Мерейтой қарсаңында университет ұжымына батыл идеялар мен жемісті жобалар, шығармашылық табыс тілейміз! Бүгінде Жұбанов университеті еліміздегі жоғары білім беру мәртебесін көтеруде өзіндік ықпалы бар, тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрамы жасақталып, жергілікті интеллигенция шоғырланған оқу орнына айналды. Университет білім мен ғылым, инновация триадасы басқаратын постиндустриалды әлемге нық қадам баса

Көбірек

Ақтөбенің атын аспандатқандар

Әртүрлі салада өңіріміздің даңқын аспандатқан 4 жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағына лайық деп танылды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың қырқыншы сессиясында белгілі болды. Сессия отырысында облыс әкімі аппараты басшысының «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы хабарламасы бірауыздан мақұлданып, шешім шығарылды. Төрт жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті

Көбірек

Шетелдік ғалым дәріс беруде

Жұбанов университеті мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институты арасындағы ынтымақтастық аясында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бабир Аминов маман шақырылған болатын. Қос тараптың ынтымақтастығы аясында шетелдік ғалым  бір ай бойы университеттің "Тарих" мамандығының студенттеріне «Орталық Азияның тарихнамасы мен деректемесі мәселелері» тақырыбында дәріс оқиды. Дәріс барысында

Көбірек

«Атамекен» ҰКП өткізген рейтинг қорытындысы

2019 жылдың 11 желтоқсанында ҚР БжҒМ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп өткізген ЖОО оқу бағдарламаларының рейтингісі жарияланды https://atameken.kz/kk/services/44-rejting-obrazovatel-nyh-programm-vuzov. Рейтинг үш кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңде қажетті деректер жинақталды, екінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар жинақталған материалдарды бағалап, талдау жүргізді. Соңғы үшінші кезеңде білім бағдарламаларының рейтингісі қалыптастырылды. Рейтинг қалыптастыру барысында келесі критерийлер басшылыққа алынды:

Көбірек

Еуразия мемлекеттерінің үздік жастары форумда бас қосты

Жуырда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы достық және ынтымақтастық жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының Кунмин және Пекин қалаларында Еуразия мемлекеттерінің ең үздік жас мамандарынан құралған Жастар форумы өткізілді. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Молдава, Грузия, Украина және Беларусь елдерінің жас мамандары  жиналған жиынға Жұбанов университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері,

Көбірек

Шетелдік ғалым студенттермен кездесті

Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында Быдгощ қаласындағы (Польша) Экономика университетінің Дене шынықтыру және спорт институтының директоры, профессор Александр Скалий семинар өткізді. Кездесуде екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен жүзеге асырылатын ынтымақтастық тәжірибесі, сондай-ақ бірлескен жұмыстың алдағы жоспарлары талқыланды. Семинар барысында қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру жайы талқыланды. Кездесуге қатысқан оқытушылар

Көбірек

«Жұбанов керуені» аудандарда: 45 мектеп түлегіне білім грантын табыстады

Кәсіби бағдар беру — әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығын қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмегін көрсететін жұмыс. 2020 жылы жоғары оқу орындарына түсетін жас түлектерге бағыт-бағдар беру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын одан әрі дамыту, жергілікті жердегі кадр тапшылығын жоюды бірлесе шешу, жергілікті атқарушы билік пен университет арасында тығыз байланыс

Көбірек

Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

"РИКА-ТВ": Студенттердің шәкіртақысы жаңа жылдан бастап ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жастар жылының жабылуы және волонтер жылының ашылуы салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25 пайызға көтерілмек. Бұл республика бойынша шамамен 130 мың студенттің шәкіртақысы өседі

Көбірек

Жұбанов университеті сәбилерді жүзуге үйрететін жаттықтырушыларды дайындауда

Бүгін Жұбанов университетінде «Сәбилер үшін жүзуді үйрететін нұсқаушыларға Baby Swim жүзуге арналған инновациялық оқыту жүйесі» атты оқыту семинары басталды. Халықаралық семинардың ашылуында Жұбанов университетінің басшылығы  бүгінгі басқосуды Жұбанов университеті мен Быдгощ қаласындағы  Экономика университетінің Дене шынықтыру институты арасындағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі екенін атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің

Көбірек