Пятница, Май 3, 2024
Басты > 2018 > Сентябрь (Страница 5)

«Рухани жаңғыру» негізі — сапалы білімде

  ҚР Президенті биылғы Жолдауында «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет» деп нақты тапсырмалар берген болатын. «Тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар азаматтар біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ

Көбірек

Бірінші курс студенттерінің ректормен кездесуі шетел тілдері факультетінде де өтті

Бүгін университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің дәстүрлі түрде өткізілетін кездесуі шетел тілдері факультетінде өтті. Кездесуге биыл оқуға түскен  257 студент қатысты.  Айта кетсек, олардың көпшілігі «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын таңдаған екен. Кездесуге  қатысқан Ақтөбе қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Серікжан Дүзбаев қылмыс және басқа құқық бұзушылықтарды  заңмен  жазалау

Көбірек

Мақсатты кездесу мазмұнды өтті

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков  жаратылыстану факультетінің 1-курс студенттерімен кездесу жиынын өткізді.  Биыл бұл факультетке 288 студент оқуға түсті, оның 8-і шетелдік жастар. Сондай-ақ, олардың 138-і мемлекеттік, 10-ы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың білім грантының иегерлері. Кездесудің мақсаты – студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы алдағы

Көбірек

Студенттік өмірге алғашқы қадам ректормен бірге

Бүгін университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенттерімен кездесті. Кездесуде университет басшысы студенттерге оқу орнының ішкі тәртібі мен негізгі ережелерін түсіндіре отырып, университет қабырғасында және одан тыс жерде қоғамдық тәртіп сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ректор сөз арасында кейде конфликтік жағдайларға себепкер болатын діни көзқарас мәселелеріне де тоқталды. Жастардың

Көбірек

Ректордың 1-курс студенттерімен кездесу апталығы басталды

Жаңа оқу жылының басында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков толғандырған сұрақтарына жауап беру үшін 1-курс студенттерімен дәстүрлі түрде кездеседі. Бүгін осындай кездесулер филология, физика-математика факультеттерінде, сондай-ақ экономика және құқық факультетінде өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – аймақтың және қаланың түрлі басқармалары мен департаменттерінің басшылары қатысып, сөз сөйледі. Университет табалдырығын алғаш аттаған студенттердің

Көбірек

Жаңа оқу жылында Ресейлік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасады

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті  арасындағы ынтымақтастық келісімнің негізінде «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері  серіктес университетте педагогикалық дағдыларын қалыптастыратын семестрлік  оқудан өтеді. Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті (NGPU) – заманауи  ғылыми-әдістемелік базасымен

Көбірек

Жұбанов университетінің шетелдік студенттер назарына!

Құрметті студенттер! Халықаралық ынтымақтастық орталығы шетелдік азаматтарды тіркеу бес (5) күн ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды. Тұру/ келу орнына тіркелу үшін Халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласыңыз (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің бас ғимараты, 3 қабат) және келесі құжаттарды тапсыру қажет: 1.Түйіндеме 2.Паспорттың көшірмесі 3.Көші-қон карточкасының көшірмесі 4.Уақытша тіркеу туралы куәліктің көшірмесі 5.Медициналық тексерудің көшірмесі 6.Оқу орнынан алынған анықтама 7.Мекен-жай анықтамасы 8.3x4 фото суреттері -

Көбірек

Поляк тілінің курстары

Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Святло» поляк этномәдени бірлестігімен поляк тілінің ақысыз курстарына қабылдау басталғанын хабарлайды. Сабақтарды Польша Республикасынан шақырылған филолог лингвист жүргізеді. Поляк тілін үйрену студенттерге Польшаның жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып халықаралық академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. Жазылу телефоны: 8-705-984-52-55, Цибульская Елена Васильевна.

Көбірек