Вторник, Март 31, 2020
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттарына дәріс оқыды

Университет ғалымдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттарына дәріс оқыды

Екі ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттарына 19.11-23.11.2018 аралығында Жұбанов университетінің ғалымдары ф.-м.ғ.к., доцент И.И.Ильиясов, ф.-м.ғ.к., профессор Ж.Қ.Қайдасов дәріс оқыды.

Тыңдаушылар математиканың өзекті мәселелері бойынша дәрістер курсын толық игерді.

Дәріскерлердің айтуынша, екі жоғары мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді.

– Әсіресе, екі оқу орданың ғылыми ынтымақтастығын дамыту мақсатында жұмыстар жасала бермек. Авторефераттарға, ғылыми мақалаларға рецензиялар мен пікірлер беру, сондай-ақ, жоғары оқу орындар арасындағы студенттер мен магистранттардың тағлымдамадан өтуіне арналаған бағдарламаларды жүзеге асырылатын болады. Біз қашанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдарымен ТМД елдерінде, Қазақстанда өтетін ғылыми конференцияларда бас қосып, ғылыми мәселелерді шешуге бірге атсалысатын боламыз, – деді ғалымдар.

Физика-математика факультеті