Воскресенье, Декабрь 16, 2018
Басты > БАҚ біз туралы > Жастар ой бөлісті

Жастар ой бөлісті

Тұңғыш Президент күніне орай жастар сессиясы ұйымдастырылып, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері әңгіме өзегіне айналды.

А.Досжанова атындағы конференц-холда өткізілген басқосуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешімдер, Қазақстанның 27 жылда бағындырған белестері мен жетістіктері сөз болып, түрлі сала мамандары бұған қатысты өз ой-пікірімен бөлісті. Олардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты Самат Есқалиев, студент Қуаныш Баянбаев, т.б. бар.

— Біздің мақсатымыз — Президенттің бүгінге дейінгі еліміздің дамуына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі туралы жастарға түсіндіру. Кез келген бастаманың маңыздылығын уақыт өте келе түсініп жататынымыз бар. Осы тұрғыдан келгенде, зиялы қауым өкілдері, жас буын студенттердің әлі де біле бермейтін тың мәліметтерді айтады ғой  деген үміттеміз, — дейді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин.

Кездесу соңында сұрақ-жауап бөліміне кезек беріліп, қатысушылар да тақырыпқа қатысты үн қосты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ