Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің Стартап академиясына жаңа стартаптар жинақталды

Жұбанов университетінің Стартап академиясына жаңа стартаптар жинақталды

Жұбанов университетінде 2019 жылдың 8-9 ақпан күндері Стартап академияның инкубациясынан өту үшін «#2 Startup Fair» (немесе «Стартаптар жәрмеңкесі») атауын алған студенттердің стартап-жобаларын іріктеу кезеңі өтті.

Екі күнге созылған шара  екінші рет стартап-уикенд форматында өткізілді. Бірінші күні бақтарын сынағысы және стартаптарын бастағысы келген стартапшылар өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін шыңдап, «Канвас» бизнес-моделімен танысты.

Ал, екінші күні үміткерлер өздерінің идеяларын кәсіпкерлердің алдында қорғады. Қазылар алқасының құрамында «LikeЦентр Актобе» басшысы Жұман Зине, «Fashion Syndicate» жобасының негізін қалаушы, дизайнер Малика Дуйсенбаева, Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының басқармасының мүшесі, «Багетто» ЖШС басшысы Жанымгүл Төлеуова, «Abyz Group» ЖШС директоры Ерлан Асанов, «Adil nurtabys» ЖШС негізін қалаушы Нұртуған Әділов және Ислам Исенғазиев, Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржысыз қолдау бөлімінің басшысы Ержан Нұрғалиев болды.
Аталмыш кезеңге қатысу үшін университеттің барлық факультеттерінен 70 өтінім қабылданып, нәтижесінде 12 жоба іріктеліп алынды.

Соның ішінде: 3 стартап («MidMar», «Dragon Breath», «Вверх») экономика және құқық  факультетінен, 3 стартап  («Экосумки», «Хлорофитум», «Емен») жаратылыстану факультетінен, 2 стартап («Noname», «Freedom») шетел тілдері факультетінен, кәсіби-шығармашылық факультетінен («Handmade_Nessi» и «Unique»), техникалық («24 element») және физика-математика («3DX») факультеттерінен жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!