Среда, Май 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша бітірушілерге тренинг өткізілді

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша бітірушілерге тренинг өткізілді

Жұбанов университетінің Үздіксіз білім беру институты  біліктілікті арттыру орталығы мен Кәсіби даму және мансап орталығының ұйымдастыруымен «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша бітірушілерге «Жұмыс орнын табу және орналасу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Шара ойын түрінде топтарға бөлінуден басталып, әр топ бойынша жұмысқа орналасу үшін қажетті деп саналатын 5 армандар тізбегін жазу тапсырылды. Аса қажет емес армандар тізбегі бөлек алынып, «Ұйымшыл ұжыммен жұмыс жасау», «Компьютермен жабдықталған жеке кабинеттің болуы», «Жоғарғы жалақы алу», «Жеке оқу орталығын ашу» және тағы сол сияқты негізгі армандар тізбегі ортаға салынды.

Тренинг барысында жұмыс іздеу үшін не қажет, бос орындарды қайдан табу керектігі жайында сұрақтар талқыланып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Осыған сәйкес, бітірушілер жас маманға қажетті талаптарға тоқталып, хабарландырулар жазып үйренді. Сондай-ақ, мамандар түйіндемелер жазу, жұмыс берушінің талаптарына қатысты түйіндеме толтыру барысын үйретті.

Шара соңында серпіндіктер бір-біріне сәттілік тілеп, қоштасты.

 

Кәсіби даму және мансап орталығы