Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > Жаңалықтар > 24 ELEMENT «STUDENT ENERGY CHALLENGE» үздік бестікте

24 ELEMENT «STUDENT ENERGY CHALLENGE» үздік бестікте

Жұбанов университетінің 24 ELEMENT ғылыми үйірмесі  Нұр-Сұлтан қаласында өткен  «STUDENT ENERGY CHALLENGE»  атты интеллектуалдық командалық байқауға қатысты.  KEW алаңында жыл сайынғы зияткерлік сайыстың жартылай финалы өтеді. Жоба «Шелл Қазақстанмен» бірлесіп ұйымдастырылды.

Student Energy Challenge — бұл Қазақстанның технологиялық жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы жыл сайынғы зияткерлік сайыс, оның аясында энергетикалық мәселелерді шешуге арналған инновациялық идеяларды ұсыну бойынша жобалар жасалады.

Аталмыш байқау аясында іріктеу  кезеңінен кейін 70 команда қатысқан финалға 9 команда өтті. Тартысты күрес барысында Жұбанов университетінің 24 ELEMENT командасы төрешілер алқасының пікірі бойынша үздік 5 ТОПтың қатарына енді.

Байқауға арнайы қатысқан 24 ELEMENT жетекшісі Альбина Ерсайынова байқаудан алған әсерлерімен бөлісті. «Жұбанов жастары байқауда  өздерін жақсы жағынан көрсетіп, өз саласын одан әрі дамыту үшін тағылымды тәжірибе жинақтады» — деді Альбина.

Айта кетейік, STUDENT ENERGY CHALLENGE аясында еліміздің үздік энергетикалық және мұнай компанияларының мамандарымен networking өткізілді.