Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет мәртебесін асқақтатты

Университет мәртебесін асқақтатты

Күні кеше  «Жастар арена» спорт кешенінде Батыс Қазақстан өңірлерінен ерлер және әйелдер арасындағы гір спортынан (қос сайыс) және қол күресінің чемпионаты Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы мен  Жастар жылына арнап өткізілді. Аталған чемпионатқа Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысты.

Жарысқа батыс өңірлерінің білекті ұл қыздары Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарынан жиналды. Байрақты бәсекеге 86 спортшы 10 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Оның ішінде ерлер 6 салмақ дәрежесі бойынша, қыздар 4 салмақ дәрежесі өткізілді. Санаулы секунттар арасында мықты деген қарсыластар анықталып, сын секунттардан кейін жарысты әрі қарай Батыс өңірінің ең мықты деген қол күресшісі атағына лайықты деген спортшылар анықталды. Жұбанов университетінің атынан барлық салмақ дәрежесі бойынша 4 студент қатысты. Олардың арасынан абыройлы өнер көрсеткен кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері Назерке Көшкінбай мен Әсем Бөкенбайқызы І орынды иеленіп, университет мәртебесін асқақтатты.