Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жобамен толықты

Жаңа жобамен толықты

Жұбанов университетіндегі әлеуметтік іс шаралардың қатары «Денсаулық психологиясы» атты жобамен толықты.

Аталмыш жоба қазіргі қалыптасқан жағдайларды ескеріп, біртұтас педагогикалық процестің қатысушыларына психологиялық көмек көрсетуге, эмоционалдық тұрақтылықтылықты бақылап басқарауға арналған.

Сонымен қатар бұл жоба — уақыт талабы оқшаулану болғандықтан, елдегі төтенше жағдай кезінде студент жастардың, қызметкерлердің психологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында «Proactive2020» академиясының жобалар топтамасының  жалғасы.  Сондай-ақ,  қажеттілікке байланысты туындаған, сұранысқа негізделіп құрылған онлайн жоба.

Өзектілігі жоғары, студенттер мен оқытушылардың денсаулықтарын, күнделікті хал жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаны университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен педагогика факультетінің «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасы университеттің әлеуметтік серіктесі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірлесіп іске асыруда.

Жоба аясында студенттер мен оқытушылар https://t.me/zhubanovproactive телеграмм каналы арқылы денсаулық психологиясына қатысты кәсіби мамандардың ақыл-кеңес жазбалары, тікелей эфирдегі сұхбаттары, онлайни-тренингтер мен психотерапиялар, диологтік алаңы, лайфхактар сынды ақпараттар жарияланады.

Сондай-ақ,  электронды кітаптар оқуға,  театр мен кино өнерінің топтамаларымен танысуға мүмкіндік алады.

Денсаулық психологиясының дұрыс болуы қазіргі жағдайларда ой мен сезімнің барынша икемділігін қалыптастырады. Белең алған оқшуаланудың барысында студенттердің, жас ғалымдардың жұмыла жұмыс жасауына септігін тигізетіне сенімдіміз.