Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық көрмеге қатысты

Халықаралық көрмеге қатысты

2017 жылдың 24-25 қазан күндері  Үндістан Республикасындағы Жаңа Дели қаласында Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің экспорттық әлеуетін арттыру және шетелдік студенттерді тарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Қазақстандық білім беру күндері» көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге жоғарыда аталған елдердің білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті аталмыш іс-шараға қатысып, шетелдік студенттер мен серіктестерді тарту үшін университеттің білім беру бағдарламаларының таныстырылымын өткізді. KIIT University және Amity сияқты университеттер Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-мен өзара ынтымақтастықты ұсынды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге негізделген.  Сонымен қатар, көрме шетелдік аудиторияларға қазақстандық білім берудің артықшылықтары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ отандық білім беру қызметтерін экспорттау бойынша әріптестерін іздеуге бағытталған.