Суббота, Июль 20, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстан мен Ресей ғалымдары құлпытастар сырын білуге ниетті

Қазақстан мен Ресей ғалымдары құлпытастар сырын білуге ниетті

Қазақстан мен Ресей ғалымдары аймақтарда сақталған құлпытастар сырын ашуға ниеттеніп отыр.

Сол үшін келешекте өзара бірігіп экспедициялар ұйымдастырмақ. Оралда «Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймағындағы мәдени мұралар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналғандар осындай ойларын ортаға салды. Ғалымдардың айтуынша, мұндай тарихи ескерткіштердің саны мыңнан асады. Ондай нысандардың қатарында Орынбор өлкесінде жерленген Әбілхайыр ханның жұбайы Бопай ханымның да қорымы бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шекаралас аймақтағы мәдени мұраларды түгендеуге мол мүмкіндік ашып отыр. Конференция аясындағы ғылыми материалдар келешекте қос ел ғалымдарының бірлескен жобасы саналатын «Еуразия тоғысы» атты жинаққа енгізілмек.

Рахым Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры:

– Ең алғашқы зерттелетін мәселе – бұл қазақтардың Ресей территориясында қалып қойған құлпытастарды қарастыру. Қазіргі жағдайда осы құлпытастар жоғалып бара жатқанда біз қай территорияда паспорттарын дайындап, соған ішіндегі арабша жазылған жазуларын, эпиграфикасын зерттеу мақсатында өз ойымызды біріктіріп жатырмыз.

Веналий Амелин, Орынбор мемлекеттік университеті «Оңтүстік Орал» тарих және этнография ғылыми зерттеу институтының директоры (РФ):

– Мәдени мұра ұғымының мағынасы өте тереңде жатыр. Ол тарих пен археология және барша ескерткіштердің тиісті деңгейде зерттелуіне жол ашады. Сондықтан бұл саладағы түйткілді мәселелер тек билікті ғана емес, азаматтық қоғам институттары мен ғалымдарды да ойландыруы тиіс. Бірлескен әріптестік аясындағы істеріміздің нәтижелі боларына сеніміміз мол.

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.