Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде 12 жаңа кабинеттер ашылды

Жұбанов университетінде 12 жаңа кабинеттер ашылды

Бүгін Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетінде арнайы жабдықталған он екі жаңа кабинеттердің: «Генетика» оқу аудиториясының, «Биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» оқу аудиториясының, «Зоология» оқу зертханасының, «Биологияны оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік аудиториясының, «Цитология және гистология» оқу аудиториясының, «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» оқу аудиториясының, «Геоэкология» оқу аудиториясының, «Экотоксикология және қоршаған орта нысандарын бақылау» оқу-ғылыми зертханасының, «STEM инновациялық білім беру» орталығының, «Өнеркәсіптік экология» оқу аудиториясының, «Еңбекті қорғау» оқу  аудиториясының, «Жалпы химиялық технология» оқу аудиториясының  салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков сөз сөйлеп, «Жаратылыстану факультеті – университеттегі алдыңғы қатарлы, өзіндік деңгейі қалыптасқан,  потенциалы жоғары факультеттердің бірі.

Қазіргі кезде университетте жағдайы сын көтермеген кабинеттерге көңіл бөліп, бір жыл көлемінде 106 кабинет жөндеуден өтіп, жасақталды. Студенттер білім алатын кабинеттер ашық түсті, әрі жарық болуы керек. Бүгін ашылған жаңа кабинеттерде студенттерге толыққанды білім алып, ғылыми ізденістермен  айналысуларына  толық жағдай жасалып отыр», — деді.

Алдымен Бауыржан Аманкелдіұлы бастаған топ «Геоэкология» оқу аудиториясымен танысты.  Студенттерге «Геоэкология» пәнінен экосферадағы өзгерістерді бағалау, онын салдарын реттеу және экологиялық жағдайын тұрақтандыру жолдарын үйрету мақсатында ашылған кабинеттің лентасын Бас ғылыми хатшы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абылай Мұхамбетжан  қиды.

Арнайы жабдықталған кабинеттердің тұсаукесер рәсімі барысында факультеттің  оқытушы қызметкерлері орталықтар мен кабинеттердің ашылу мақсаты мен бағыттары жайлы әңгімеледі.

Содан кейін салтанатты шараға қатысушылар студенттердің  Ғылым апталығы аясында өтіп жатырған  «Smart қалалар және ғылым» фотокөрмесін аралап,  «Шынайы өмірдегі StartUP» жобаларымен танысып,  факультеттің ғылыми үйірмелерінің шеберлік сабақтарына кіріп, факультеттің жетістіктері көрмесімен танысты.