Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

 

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында университет ректоры Бауыржан Ердембеков  қабылдау комиссиясының ресми жұмысын бастауына өз тілегін білдіріп, бірінші проректор Қуанышбек Шүңкеевпен бірге қызыл лентаны қиды.

Жұбанов университетінің болашақ студенттері қабылдау комиссиясының жұмысының алғашқы күнінен бастап ақпараттар алу үшін, сондай-ақ талап етілетін мамандықтарға құжаттарды тапсыруға асықты.

Университетке алғашқылардың бірі болып құжат тапсырған талапкер Николай Леоненко өз ойымен бөлісті, ол:     «Мен Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірін бітірдім. Көптеген таныстарым, яғни Жұбанов университетінің түлектері маған осы университетте оқуға кеңес берген болатын. Қазір мен Жұбанов университетінде әрі қарай оқуды жалғастыру үшін құжаттарымды тапсырып отырмын», — деді.

Сондай-ақ, бүгін талапкерлер таңдауына оң бағыт беру үшін әр факультеттен кеңес беру жұмыстары да жүріп жатыр. Бұл шара барысында болашақ студенттер факультет декандарымен кездесіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып, университет тынысымен толық таныса алады. Сонымен қатар талапкерлер университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, студенттерге берілетін жеңілдіктер, студенттік өмір жайында ақпараттар алып, университетіміздің студенттік өмірімен танысу мүмкіндігіне де ие болады