Демалыс күндерінде Ақтөбе қаласының және дене тәрбиесі спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының сыртында орналасқан «Тау» демалыс базасының жанында тауға жүгіруден жарыс өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей Федерациясынан барлығы әртүрлі жас аралығында 300-ге жуық астам спортшы қатысты.
Жарыс қортындысында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Айбек Габдуллин мен Шыңғыс Төлеуов дәстүрлі «Тау 400» тауға жүгіріп шығу жарысының жүлделі І орындарына ие болды.
Айбек Габдуллин 35-44 жас аралығындағы ерлердің ішінен суырылып алға шықса, ал Шыңғыс Төлеуов 45 жастан жоғары ерлердің арасынан оза шықты. Айта кететін жайт, Айбек Габдуллин былтырғы жылы да ерлер арасында І орынға ие болған болатын.
Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің ұжымы мен спортшыларымызды шын жүректен кезекті жеңісімен құттықтаймыз!