Суббота, Июль 20, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Конфуций институтының» грантиегерлері екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосуда

«Конфуций институтының» грантиегерлері екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосуда

Жыл сайын университеттің білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде. Бүгінгі таңда университет әлемнің жетекші университеттері және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Соның ішінде Қытай Халық Республикасының бірқатар жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл тұрғыда «Конфуций институтының» үлесі зор.

«Конфуций институттарының» Бас Штаб пәтері (Ханьбан) тарапынан «Конфуций институтының» үздік білім алушыларына биылғы 2018-2019 оқу жылының бакалавриат, магистратура және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша 25 білім гранты берілді.

Солардың арасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 8 студенті Үрімші қаласы, Синьцзянь қаржы-экономикалық университетіндегі Халықаралық білім беру институтына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жарты жылдық және бір жылдық білім гранттарын иеленді. Халықаралық академиялық  студент алмасу бағдарламасы шеңберінде университетіміздің студенттері қытай тіліндегі білімдерін шыңдап келетін болады. Грант иегерлері Қытайдың іргелі жоғары оқу орындарында (Синьцзянь қаржы-экономикалық университеті, Шанхай халықаралық шет тілдер университеті, Пекин Орталық ұлттар университеті, Сиань халықаралық шетел тілдері университеті, Шанхай университеті, Хайнань педагогикалық университеті,Ханчжоу қаласы Чжэцзян университеті) қытай тіліндегі білімдерін жетілдіретін болады.

«Конфуций институтының» гранттарына оқу жоспарының талабы бойынша, HSK емтиханынан жоғары нәтиже көрсеткен, барлық іс-шараға белсене қатысқан және семестрлік емтихандардан жоғары баға алған лайықты студентер иеленді.

 

Дәулет ҚАНТӨРЕҰЛЫ,

«Конфуций институтының» оқытушысы