Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > 2018 > Май (Страница 10)

Өндіріс орнындағы сабақтар қызық өтуде

Бүгін Жұбанов университетінің «Металлургия» мамандығының 3-курс студенттері дуальды оқыту жүйесі бойынша «Металлургиялық өндіріс технологиясы» пәні сабағын «МТС-Трактор» ЖШС зауытында өткізді. Оған дейін аталмыш зауытта сабақ өткізу үшін арнайы оқу кабинеті жасақталған болатын. Алғашқы сабақ сыйымдылығы 1 тонна (ДППТ-1) жартылай өндірістік доғалы тұрақты тоқ пешінде металды балқыту және құю үрдісін бақылауға арналды.

Көбірек

Тарих факультетіндегі «Ашық есік» күні

Жақында тарих факультетінде Ақтөбе облысының орта білім беретін мектептерінің бітіруші-түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағытында «Ашық есік» күні өткізілді. Бұл шараға қала мектептерімен бірге, Мұғалжар ауданның Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы мектеп оқушылары да қатысты. Кездесу барысында оқушыларға факультет дайындайтын мамандықтар жайында ақпарат беріліп, әр саланың маңызды тұстарына назар бағытталды. Кездесуден соң мектеп бітіруші-түлектер факультеттің

Көбірек

Астанадан келген комиссия мемлекеттік қызметтерді тексеріп жатыр

Елге танымал блогер Ғалым Байтөк пен экс-депутат Айгүл Соловьева бастаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бағалау жөніндегі мониторингтік топ Ақтөбеге келді. Олар екі күн бойы қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қарайды. Мониторингтік топ ат басын тіреген алғашқы нысан - Қ.Жұбанов университетінің "Темірқазық" студенттерге қызмет көрсету орталығы.

Көбірек

«Серпін» жобасы бойынша түлектер түгел жұмыс орындарына тіркелді

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков         «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша бітіруші-түлектермен кездесті. Қазіргі таңда университетте Казақстанның бес облысынан 625 студент «Серпін» бағдарламасымен оқып жүр. Олардың ішінде 134 студент білім бағыты бойынша оқуын бітірмек. Б.Ердембековтің айтуынша, қала, аудан әкімшіліктерімен, білім бөлімдерімен біргелікте жасаған жұмыс нәтижесінде университетінің «Серпін» жобасы бойынша 134 түлегі болашақ

Көбірек

Университеттің театрдағы күндері өтуде

Театр шынайы өмір көріністерін сахналайтын, сол арқылы адамзатқа ой салатын, тәрбиелейтін қасиетті орын. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде театрдың алатын орны бөлек. Осыған орай Жұбанов университеті жастар тәрбиесінде театр өнерін бір бағыт етіп ұстанады.  Еліміздегі ірі өнер шаңырағы - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Ақтөбеге 5 күндік гастрольмен келуі университет ұжымы үшін

Көбірек

Магнитагорлік профессор Александр Рахмангулов импакт-факторлы басылымдарда мақалалар жариялаудың оңтайлы жолдарымен таныстырды

2018 жылдың 23-28 сәуір күндерінің аралығында шетелден ғалымдарды шақыру жоспарларына сәйкес, екі жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ресей федерациясы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Александр Рахмангулов техникалық факультетінде дәріс оқыды. А.Рахмангулов техникалық факультет профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, нөлдік емес импакт-факторлы халықаралық ғылыми

Көбірек

Профессор Алексей Тяпухин менеджменттің замануи әдістеріне үйретті

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика және құқық факультетінің "Экономика және менеджмент" кафедрасына Самара университетінің ( РФ)  кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының докторы, профессор Алексей Тяпухин шақырылды. Профессор Тяпухин сәуір айының 16-28 жұлдызы аралығында  екі апта бойына «Менеджмент» және «Экономика» мамандығының студенттері үшін "Инвестициялық менеджмент", "Инновациялық менеджмент" пәндері бойынша сабақ жүргізіп, ғылыми-зерттеу

Көбірек

Жұбанов университеті бүгінгі мерекелік шеруде оқу орындарының көшін бастады

Бүгін Ақтөбе қаласында  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күніне арналған  «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты шара өтті. Шара қаладағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, еңбек ұжымдары, жоғары және орта оқу орындары, партия, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктер өкілдерінен құралған салтанатты шеруден басталды. Шерудегі жоғары және орта оқу орындарының көшін Батыс

Көбірек