Среда, Май 8, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 5)

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Жұбанов университетінің  «Математика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Мадина Тлеубергенова «Математика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен беріледі. Айта кетейік, Мадина Тлеубергенова 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен оқу-

Көбірек

Жұбанов университетінің командасы Гран-при иегері атанды

Жұбанов университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған «ШАМ» командасы Астана қаласында өткен «Сейітов ізбасары» байқауында Гран-при иегері атанды. Байқау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасында өткізілді. Университеттің «ШАМ» командасына «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Төремұрат Бисембиев жетекшілік етті. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!

Көбірек

Университет студенттері Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Жұбанов университетінің студенттері Тараз қаласында өткен Тоғызқұмалақтан юниорлармен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионатта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері Диас Жанбау бірінші орынды иеленсе, Алмас Тілегенов жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Айта кетейік, Диас Жанбауға Қырғызстанның Ыссықкөл қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама берілді. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Көбірек

Бүгін – Халықаралық театр күні

1961 жылы Халықаралық театр институты Вена қаласында өткен ІХ конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Театр – өмірдің айнасы. Жас ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде театрдың маңызы орасан зор. Ұлт құндылықтарын насихаттап,

Көбірек

Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. – Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын! – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.

Көбірек

Босаған білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Жұбанов университетінде 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды. Грант иегерлерін құттықтаймыз!   Босаған бос білім беру гранттары иегерлері

Көбірек

Университет студенті “Song and Dance” Халықаралық байқау жеңімпазы атанды

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Нұрбол Жұмабаев Өскемен қаласында өткен “Song and Dance” Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Ол Жантөренің “Шалқыма” күйін орындап, «Орындаушылық шеберлік» номинациясы бойынша Гран-при иеленді. Байқау қатысушыларының өнерін Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері, білім, мәдениет және өнер саласындағы жоғары білікті мамандар мен

Көбірек

Университет оқытушысы философия докторы дәрежесіне ие болды

Жұбанов университетінің «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Ұлбосын Тұяқова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін иеленді. Ұлбосын Тұяқова «Болашақ әлеуметтік педагогтардың эмоционалдық интеллектісін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңестен сәтті қорғап шықты. Ғалымды ғылыми дәрежесімен құттықтап, жаңа табыстар

Көбірек

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-сана­сында берік қалыптасқан достық, қайырым­дылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады. Бұрын-соңды

Көбірек