Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін – Халықаралық театр күні

Бүгін – Халықаралық театр күні

1961 жылы Халықаралық театр институты Вена қаласында өткен ІХ конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді.

Театр – өмірдің айнасы. Жас ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде театрдың маңызы орасан зор. Ұлт құндылықтарын насихаттап, тарихтың бет-бедерінен тағылымы мол дүниелерді көрермен назарына ұсынып жүрген сала қызметкерлерінің ұлтымыздың рухани темірқазығын сақтаудағы үлесі ерекше.

Бүгінгі төл мерекемен еліміздің мәдениет, руханият саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарды құттықтаймыз!