Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 71)

Университет ынтымақтастық аясын кеңейтті

Бүгін Жұбанов университеті мен «Бутадиен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында меморандум жасалды. Меморандумға университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров пен  «Бутадиен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Диаз Диянов қол қойды. Сондай-ақ, іскерлік кездесуге бизнесті қолдау және HR қызметінің басшысы Арман Хайруллин, жаратылыстану факультетінің деканы Айнагүл Апендина, факультет оқытушылары қатысты. Өндіріс басшысы

Көбірек

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

Бүгін министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға іссапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Эдинбург қаласында өткен кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Heriot-Watt университеті

Көбірек

Қазақстанның бір топ ректоры іскерлік байланыс мақсатымен Ұлыбританияға барды

Тұманды Альбионның озық оқу орындарымен іскерлік байланыс орнату мақсатында Қазақстанның бір топ ректоры Ұлыбританияға барды. Іссапардың алғашқы күнінде делегация басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек “Болашақ” бағдарламасы арқылы білім алып жатқан студенттермен кездесті. Тілеген Едігеев және Арайлым Пірімжарқызы Сассекс университетінің магистранттары. Стратегиялық-инновациялық басқару және жоба менеджері мамандықтары бойынша оқып жатыр.

Көбірек

Ғылыми дәреже берілді

М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың мақсатты грантымен университетіміздің "Математика" кафедрасында оқыған аға оқытушы Гүлсезім Айтеноваға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен   «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Айта кетейік, Гүлсезім Айтенова Жұбанов университетінің Диссертациялық Кеңесінде «Математика» мамандығы бойынша диссертациясын қорғаған

Көбірек

«Фитнес-зумба» жобасы өз жұмысын бастады

Жұбанов университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері үшін жағымды жаңалық. Университет жанынан «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының бастамасымен «Фитнес-зумба» денсаулықты сауықтыру жобасы өз жұмысын бастады. Денсаулықты сақтау мен нығайтып отыру әркезде де маңызды. Бұл жоба жұмыстан бөлек қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік бермек. Жаттығу әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 13.00-13.50 аралығында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша,

Көбірек

Ұлт абызының жаңа кітабы жарыққа шықты

Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы артына өшпес ғылыми мұра қалдырған ғалым. Жуырда профессордың «Ұлттану» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кітап – ұлттану теориясы бойынша қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбек. Әрі монография, әрі оқу құралы қызметін атқаратын зерттеу еңбегінде ұлттық қасиеттер мен құндылықтар, ұлттық мемлекет, мәдениет, идеология, дін, тәрбие секілді

Көбірек

Жұбанов университетінің басшылығы Heriot-Watt университетінде

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы Ұлыбританияға жұмыс сапары барысында Heriot-Watt университетіне барды. Кездесуде тараптар Жұбанов университетінің базасында Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу жоғары оқу орындарының бірі – Heriot-Watt университетінің филиалын ашу мәселесі бойынша келіссөздердің шешуші маңызды кезеңін бастады. 1 ақпан күні өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылады. Осыдан екі ай бұрын Ұлыбританиядағы Heriot-Watt университетінің ректоры

Көбірек

Отбасы құндылығын сақтау — мемлекет дамуының кепілі

Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова төрағалық еткен жиынға ұлттық комиссияның экономикалық даму және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі, «Еңбек қатынастары академиясының» бас директоры Бибігүл Нұрашаева, ұлттық комиссияның экономикалық даму және еңбек қатынастары, әлеуметтік-демографиялық секторларының мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура

Көбірек

Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр

«500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілген. Жетекші мамандар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен салалық ұйымдарында бірлескен зерттеулер жүргізеді. «Халықаралық бағдарламалар

Көбірек