Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Байқау кеңесі мүшелеріне арналған оқыту семинары

Байқау кеңесі мүшелеріне арналған оқыту семинары

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де Білім және ғылым министрлігінің жобасы аясында байқау кеңесі мүшелеріне арналған оқыту семинары өтуде.

Мемлекеттік ЖОО-дар коммерциялық емес акционерлік ұйымға ауысатындықтан байқау кеңесінің өкілеттігі кеңейеді деп күтілуде. Осы орайда министрлік кеңес мүшелерінің кәсіби даярлау жұмысын бастап кетті.

Семинарды тәжірибелі профессор,  «Семантика ЛТД» консалтингтік компаниясының директоры, Ұлыбританияда, Санкт-Петербург жоғарғы оқу орындарында мол тәжірибесі бар Стивен Хэйген жүргізді. Екінші тренер ретінде Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қаржылай және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нурлан Уразбаев дәріс оқыды.

Семинарға Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда облыстары ЖОО-ның өкілдері қатысты.