Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Бүгін 29 тәулікке созылған айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауым үшін Ораза айт мейрамы басталды.

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі.

 Құрметті  әріптестер!

Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймыз. Айт мүбәрак болсын!

Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!

Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілейміз! Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 

Жұбанов университетінің

Баспасөз қызметі