Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ректордың құттықтауы

Ректордың құттықтауы

Құрметті ұстаздар мен ардагерлер, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге
 үлес қосып келе жатқан жандар!
Ұлы елдің ұрпақ атты ажырамас құндылығын тәлімге үйретіп, «ұлтым» деген ұғымды санасына құйған ұлағат мектебі – барша ұстаздарды атаулы мерекесімен құттықтаймын! Сіздер берген тәрбие – тағлым ел болашағының ұлы мұраты, ұлттық болмысымыздың алғышарты, сондықтан Сіздердің бүгінгі қызметіңіз елдің болашағының маңызды ісі.
 Қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жол тартады.
Дана халқымыз «Қарымды ұстазы мен тағылымды ұланы тең елдің бағы да баянды» дейді. Халық айтса, қалт айтпайды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында ғана Елі үшін қызмет ететін, ұлтын сүйген ұрпақтың өсіп-жетілетіндігіне үміт артамыз, кәміл сенеміз.
Құрметті университетіміздің профессор – оқытушылары! Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
 Ізгі тілекпен,
Ректор  Бауыржан Ердембеков.