Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жастар саясаты > Университет студенттері Польша Республикасында білім алатын болды

Университет студенттері Польша Республикасында білім алатын болды

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2017 жылдың 2 қазанында Быдгощ қаласындағы Экономика Университетіне (Польша Республикасы) Жұбанов Университетінің 6 студенті  білім алуға кетті.

Быдгощ қаласындағы Экономика Университеті Польшаның солтүстік бөлігіндегі ірі жекеменшік жоғары оқу орны болып табылады.

Аталмыш бағдарлма аясында Жұбанов Университетінің «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Шетел филологиясы», «Шетел тілі»  мамандықтары бойынша студенттер 1 семестр бойы шетелдік жоғары оқу орнында білім алады. Өткізілетін пәндер  орыс, ағылшын және поляк тілдерінде оқытылады.

Жұбанов Университеті мен Быдгощ қаласындағы Экономика Университеті  бірлесіп «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтары бойынша екі диплом бағдарламасын іске асыруды  жоспарлап отыр.