Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті

Ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті

Бүгін университеттің Студенттер сарайында Кәсіби-шығармашылық факультетінің Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым менің, ұстазым!» атты мерекелік кеші өтті. Алдымен сахнаға бишілер шығып, «Би күйі» биін биледі.

Одан соң жүргізуші шығып: «Жақында ғана жеке отау тіккен біздің факультет биылғы 2017-2018 оқу жылына зор табыспен келіп отыр. Жаңа оқу жылында шәкірт-студент қабылдау бойынша үлкен ілгерушілік бар. Биыл біздің қатарымыз 400-ден астам 1-курс студенттерімен толықты, оның ішінде 45 студент мемлекеттік білім грантын иемденгендер. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда екі жарым есеге көп», — деп, кәсіби-шығармашылық факультеті жайлы айтып өтті.

Алдымен, Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Сағидоллаұлы Мұхтаров мерекелік кешті ашып беріп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын құттықтап, факультет оқытушыларын марапаттады.

Сондай-ақ, филология факультетінің студенттері де кәсіби-шығармашылық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби мерекесімен құттықтап, өз өнерлерін көрсетті.

Шара барысында Қасымбек Кәдіров пен Ерасыл Болат «Ұстаз», Жұбаныш Көжекбаев «Жүрегім қазақ!», Тұрар Келмағамбетов «Студенттік өмір», Тоқжан Тынышбаева «Надежда», Ақбота Тәжмағанбетова «Туған ел» әндерімен кештің сәнін келтірді.