Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ғылыми конференция

Халықаралық ғылыми конференция

Университетіміздің тарих факультетінде «ХХ-ХХІ ғғ.революциялар және реформалар жағдайындағы Россия-КСРО-РФ» атты халықаралық ғылыми онлайн конференция өтті.

Конференцияны ұйымдастыруға «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасы атсалысты. Халықаралық онлайн конференцияға үш мемлекеттің жоғары оқу орнының тарихшы ғалымдары қатысты. Атап айтсақ, Москва мемлекеттік университетінен т.ғ.д.,профессор В.В.Журавлев, Беларусь мемлекеттік университетінен т.ғ.д., профессор О.Г.Буховец, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен т.ғ.к., доцент С.А.Есқалиев, Саратов мемлекеттік университетінен т.ғ.д., профессор В.Я.Романченко ғылыми баяндамалар жасады.

Конференция барысында тарихшылар тақырыпқа орай мәселелерді жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды.