Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттегі тұңғыш онлайн апталық

Университеттегі тұңғыш онлайн апталық

Жұбанов университетінде жыл сайын ғылым күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі апталық бұл жолы онлайн форматта өтті.

Аталмыш шара індеттің алдын алу мақсатында тікелей қарым-қатынассыз Zoom, Google Classroom платформалары мен Skype, Facebook, Instagam әлеуметтік желілері арқылы ұйымдастырылды.

Сәуірдің 6-10 аралығында өткен апталық шараларының ауқымы кең, түрі сан алуан болды. Апталық барысында ғылыми конференция, семинар, пәндік олимпиада, эко-жәрмеңке, онлайн-лекциялар өткізілді. Бұл шараға республиканың барлық аймағынан ғылымның қызығын қуған ғалымдар мен зерделі студенттер қатысты, саналының көңіл көкжиегін кеңітетіндей ойлар ортаға салынды.

Айта кетейік, Жұбанов университеті ғылыми әлеуетті көтеру мақсатында 2020 жылды «Ғылымды дамыту жылы» деп жариялады. Аталған шара аясынды ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша «Жыл үздігі» байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Үздік ғалым» мен «Үздік жас ғалым» номинацияларының жеңімпаздарына сыйақы, «Үздік PhD докторант», «Үздік магистрант» мен «Үздік студент» номинацияларының жеңімпаздарына шәкіртақы беріледі.⠀

Үздік факультет пен Үздік кафедраның лабораториялық жабдықталуына қаржылық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, 2020 жылы университет бюджетінен лаборатория мен құрылғыларға 380 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жас ғалымлардың ғылыми-зерттеу жұмысына қолдау көрсету мақсатында университеттің бюджеттен тыс қаржы есебінен 100 млн. теңгеге университетішілік гранттық жобалар конкурсы жарияланды.

Түркияның Стамбұл университетімен цифрлы лингвистика бойынша, Беларусьтің Я.Купала Гродненский мемлекеттік университетімен материалтану бойынша және UniCEN Американдық кеңесімен көптілді білім беру бойынша халықаралық ірі іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде.⠀

Сонымен қатар, инновациялық даму моделіне бет бұрған университет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тренттік жоба – «Smart university» жобасын іске асыруда. Қазір таңда университет білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бірыңғай жүйені жасақтап, нарыққа шығуды жоспарлауда.