Среда, Июль 8, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жеңімпаз — грант иесі

Жеңімпаз — грант иесі

Жұбанов университеті «Бірегей электрлік және магниттік қасиеттері бар наножүйелердің кванттық-тасымалдаушылық сипаттамаларын зерттеу» жобасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған байқауына қатысты.

Байқауда Қазақстан ғалымдары ұсынған 1300 жобаның ішінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Дәулет Сергеевтің зерттеулері үздіктер қатарына көрінді.
Дәулет Сергеев Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің «Физика» кафедрасында қызмет етеді. Сонымен қатар, «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығында ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады және жас ғалымның 6хирш индексі бар.

Айта кетейік, жоба бойынша арнайы ұтып алған грант жас ғалымға халықаралық тағылымдамадан өтуге ғана емес, жабдықтар сатып алуға және аталмыш оқу ордасындағы «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығында зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.