Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Волонтерлік қозғалысты дамыту

Волонтерлік қозғалысты дамыту

Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы тұңғыш рет волонтерлік қозғалысты трансформациялауға арналған “Волонтерлікке жол” хакатонын өткізді.

Бұл шара Ақтөбе облысындағы волонтер жастарға диологтік алаң ұсыну, өңірдегі волонтерлік қозғалыстың даму бағыттарын айқындау, волонтердің қоғамдағы имиджін көтеру, жастарды волонтерлік қызметке машықтандыру, жастардың идеялары мен жобалық бастамаларына жағдай жасау мақсатында өтті.

Шараға ұйымдастыру комитетінің жастары мен волонтерларынан бөлек, әр ауданнан оқушылар, студенттер, жұмысшы жастардан 50-ге жуық адам қатысты.

«Волонтерлікке жол» хакатоны Asyl mura, qamqor, saulyq, taza álem, úmit, bilim, sabaqtastyq деп аталатын жұмыс алаңдары бойынша жүргізілді. Мұнда Волонтер жылының бекітілген жеті бағыты бойынша жеті эксперті өз тәжірибесімен бөлісті.  Нәтижесінде бірнеше нақты волонтерлік қызметке негізделген жобаларға бастау беріліп, жаңадан волонтерлік топтар  құрылды.