Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашан да жоғары. Олар халық  пен билік арасындағы байланыстың негізгі көпірі ғана емес, қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосушы.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен  үздіксіз және тығыз байланыста болғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Университеттің ғылым-білімді дамытудағы шаралары мен рухани өмірі бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы жиі көрініс  табуы —  біздің әріптестік қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екендігінің айғағы.

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін – Сөз, Қоғам, Ар жауапкершілігін арқалаған ақпарат саласының майталмандарын әрдайым мақтан тұтамыз.

Бүгінгі мереке күні Сізге шығармашылық  шабыт, мықты денсаулық, отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілеймін!

 

 

Құрметпенректор

Бауыржан Ердембеков