Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

Жұбанов мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

Механикалық баспа машинкасы  – Кеңес заманында баспа машинкаларында көптеген ғалымдар мен жазушылар жұмыс істеді. Осындай баспа машинкалардың бірінде қазақ академиялық тіл білімінің қалыптасып, дамуына аса зор еңбек сіңірген ғалым, еліміздегі тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов та  мақалалары мен кітаптарын жазды.

XX ғасырдың елеулі бөлігі бойына мемлекеттік инстанциядан (және олардың ішкі құжат айналымы) шығатын барлық Ресми құжаттар машинкада басылып шықты.

Қысқаша тарихы:
Өндірістің басталуы: 1903 ж.
Бірінші өндіруші: Wanderer Werke AG, Германия, Хемниц (Хемниц). 1885 жылы саксон қаласында құрылған Wander Werke AG неміс кәсіпорнында «Continental» баспа машинкалары шығарылды.

Зауыт бастапқыда велосипедтер мен мотоциклдерді сатумен және жөндеумен айналысты. Баспа машинкаларының өндірісі кәсіпорнында 1903 жылы басталды.  Ал, 1904 жылы олар «Continental Standard» деп аталатын нарықта пайда болды, сол жылы немістер өнертабысты патенттеді. Бұл модель Ресейлік нарық үшін арнайы шығарылған. Баспа машинка механикалық орыс шрифтімен жасалған. Алдыңғы панельде фабриканың бейнесі «Континенталь» жазуы жазылған.