Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Қайрат — байқау жеңімпазы

Қайрат — байқау жеңімпазы

Жуырда «Білім-Өркениеті» Ұлттық Инновациялық Зерттеу Орталығы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» республикалық байқауын ұйымдастырды.

Байқау  аясында «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» жинағы шығарылды.  Аталмыш жинақтың алғашқы шығарылымында ғылым, өнер және спорт салалары бойынша құжаттар қабылданған.  Жинақта «Алтын белгі» иегерлерінің, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің үздік студенттерінің, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың және спектакльдердің жеңімпаздарының, қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділерінің, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшелерінің, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері жарық көрді.

Олардың қатарында Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетінің белсенді студенті Қайрат Бахытжанов  та бар.  Байқауда жеңімпаздарға  арнайы дипломдар мен  төсбелгі табыс етілді.