Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоба грантын ұтып алды

Жоба грантын ұтып алды

2020-2022 жылы Жұбанов университеті ғалымдарының «Ашық және қорғалған топырақта отандық селекциялық қияр сорттарын өсірудің технологиясы» ғылыми-инновациялық жобаларының бірінің аясында «Биология» кафедрасының оқытушыларымен жасалып жатқан жұмыстар алғашқы жемісін берді.

Жобаның мақсаты — Ақтөбе облысының ашық және қорғалған топырақ жағдайында отандық қияр сорттарының өсуін, өнімділігі мен сапасын бақылау.   Аталмыш жоба Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылып отыр.

28 шілде күні университет қабырғасында ашық грунтта өсірілген қиярдың перспективалы отандық сорттарына дегустациялық баға беру өткізілді. Дәмдік бағалау қазіргі жағдайға байланысты барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді.

Дегустаторлардың назарына қиярдың 6 сорты ұсынылды. Алынған қияр өнімдері дәмдік сапасына және тағы да басқа органолептикалық қасиеттері бойынша бағаланды.

Айта кетейік,  сорттық сынау жұмыстары оқу ордасында  екі жыл бойы жүргізіледі. Жоба қызметкерлері үшінші жылы қияр сорттарының көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына арнап жаңа Әлия сортын шығаруды көздеп отыр.