Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдарына құрмет көрсетілді

Университет ғалымдарына құрмет көрсетілді

Бүгін Жұбанов университетіндегі кезекті жиында ректор, профессор Бауыржан Ердембеков бірқатар ғалымдарды марапаттады.

Университеттің стратегиялық даму жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы Қуанышбек Шүңкеев «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Асыл Смағұлова «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

Мінберде марапатқа бөленген ғалымдар сөз сөйлеп,   университет басшылығына көрсеткен қолдауы мен зор құрметі үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Құттықтаймыз!