Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті жас мамандармен толықты

Жұбанов университеті жас мамандармен толықты

Жаңа оқу жылының басында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков  дәстүрлі түрде жас мамандармен кездеседі. Олардың көпшілігі университетпен жақсы таныс, магистратура мен докторантураның түлектері. Жас мамандардың  арасында басқа да жоғары оқу орындарын бітірген түлектер мен шет мемлекеттерде тағылымдамадан өткен мамандар бар.

Уақыт талаптарына сәйкес білім беру процесінде жаңа тәсілдерді іздеу, өз жобаларын әзірлеу, ғылымды дамыту, ашықтық пен адалдық – бұл  университеттің жас мамандарының алдында тұрған міндеттердің бір бөлігі.

Бүгінгі кездесу барысында жас мамандар университет басшысының ұсыныстарын қолдап, IT-қауіпсіздігі, балалар хоры, психологиялық көмек кабинетін ашу сынды  өз жобаларын ұсынды.

Айта кетейік, биыл Жұбанов университеті 40-тан астам жас мамандармен толығып отыр. Бірнеше жыл ішінде «Жұбанов жастарды шақырады» жас мамандар мен ғалымдарды тарту жобасы өз нәтижесін беріп келеді.  Олардың қатарында өздерін көрсете білген жүзге жуық белсенді педагогтар мен ғалымдар, магистранттар жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ, оларға жалға берілетін баспана бөлініп, PhD докторларына жоғары жалақы төленеді.