Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өз ісінің мамандары жүргізеді

Өз ісінің мамандары жүргізеді

Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультеті мен Ақтөбе облыстық полиция департаменті арасында жасалған меморандум аясында кәсіби студенттік клубының лектік және практикалық  сабақтарын өткізу туралы келсім шарт жасалды.

Болашақ құқық қорғаушылар Ақтөбе облыстықполиция департаментінің  тергеушісі, полиция подполковнигі В.Абдулинаның қатысуымен өткен онлайн-кездесуге қатысты.

Подполковник екінші және төртінші  курс студенттеріне «Тергеуші» мамандығының қыр-сыры туралы әңгімелеп, тергеу бөліміндегі жұмыс барысымен таныстырды.

Сондай-ақ клуб мүшелері Ақтөбе облыстық полиция департаментінің  кадрлық саясат басқармасы бастығының орынбасарымен танысып, полиция органдарының жұмыс кестесін құру және  нормативті-құқықтық актілер туралы толыққанды ақпараттар алды.