Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Жаңғырған сана — жаңа серпін»

«Жаңғырған сана — жаңа серпін»

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 3 жылдығына орай жазылған «Жаңғырған сана — жаңа серпін» атты жинақ-кітаптың авторлары кездесу өткізді.

Жинақта зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ой-толғамдары мен облыс аудандарының, облыстық салалық басқармалар және жоғары оқу орындарының қоғамдық сананы жаңғырту жолында атқарылған жұмыстары туралы материалдар жинақталған.

Шарада аталған кітаптың авторлары ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Дәулет Әбенов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров т.б қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

— Биыл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жарыққа шыққанына үш жыл болды. Осы жылдар аралығында Ақтөбе облысында көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл кітап республикада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша алғаш рет жарық көріп отыр. Соңғы үш жылда облыс орталығынан музей, Шығармашылық академиясы, «Анаға тағзым» орталығы, сондай-ақ бірқатар ескерткіштер салынды. Осының барлығы — аталған бағдарлама шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар. Қазіргі таңда облыстағы әнші-композитор, күйші, жыршы, жыраулардың шығармаларын жинақтау үстіндеміз. Келер жылы Ақтөбе өңірінің өнер иелерінің шығармаларын жинап, облыстық дәрежедегі антологиясын шығаруды жоспарлап отырмыз, — деді Еркін Құрманбек өз сөзінде.         

Алдағы уақытта аталған жаңа кітаптың 100 данасы қаладағы, облыс аудандарындағы кітапханаларға таратылмақ.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

https://aqtobegazeti.kz/?p=94084