Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Математика бойынша PhD докторы атанды

Математика бойынша PhD докторы атанды

Жұбанов университетінің басшылығы оқытушы Сандуғаш Мыңбаеваны математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтады.

Университет түлегі Сандуғаш Мыңбаева алғашқылардың бірі болып ғылыми жұмысын 2019 жылы Жұбанов университетінде ашылған математика бойынша жаңа диссертациялық кеңесте қорғады.

Диссертация физика-математика факультетінде  «Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеуі үшін сызықтық емес шеттік есептердің сапалық қасиеттері мен сандық шешімі» тақырыбында дайындалды.

Айта кетейік, 2000-2004 жылдары Жұбанов университетінде «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу  бойынша диссертациялық кеңес құрылған болатын. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен бірнеше ғылым кандидаттары дайындалды.