Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Саяси реформалар дамуға жаңа серпін береді

Саяси реформалар дамуға жаңа серпін береді

Балжан Дәулетиярова,

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сессияда ұсынған елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру жөніндегі реформалары билік құрылымдарының қызметіне халықтың қатысуын және қоғамның әрбір мүшесінің ел болашағы үшін нақты шешім қабылдауға атсалысуын, сол арқылы саяси институттарды жетілдіруін көздейді.

Бұл реформаларды жүзеге асыру адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуда, азаматтық қатысуды кеңейтуде, парламентаризм мен көппартиялықты дамытуда маңызды қадам болмақ. Менің ойымша, бұл өзгерістер біздің елімізде бұған дейін де болуы тиіс еді. Өйткені дамыған ел болуымыз үшін бізге, ең алдымен, саяси реформалар өте қажет. Осы тұста бүгінгі күні ұсынылып отырған реформаларды осыған дейін экономикалық реформалармен бірге жүргізуге не кедергі болды деген сауал туындайды. Негізінде билікті қалыптастырудың демократиялық тетіктері қоғамның бақылауына, қабылданатын барлық шешімдердің, әсіресе, табиғи ресурстар, жерді пайдалану, инвестициялар тарту және т.б. мәселелерде ашықтықты қамтамасыз етуге үлкен серпін берген болар еді.

Демократиялық саяси институттардың бүгінге дейін дамымағандығы бізге тиісті экономикалық өсім жасауға және елдің жоғары деңгейде өркендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Дегенмен ештен кеш жақсы. Сондықтан бұл реформалар саяси жүйенің демократиялық жаңаруына ықпал етіп, Қазақстанның экономикалық жағынан дамыған, мықты ел болуына жаңа серпін береді деп сенеміз.

https://aqtobegazeti.kz/?p=96730