Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалымдармен кездесті

Шетелдік ғалымдармен кездесті

«Қазақстан мен Польша: ынтымақтастық көкжиегі» апталығының аясында  Польша  мемлекетінің ғалымдары  Жұбанов университетінің  профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен кездесті.

Кездесуде біліктілікті арттыру, дәріс, бірлескен жобалар, ғылыми жарияланымдар, бірлескен жұмыстың алдағы жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ, жиында  академиялық ұтқырлық, магистрлік бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру және шетелде тағылымдамадан өту мәселелері  қамтылды.

Еске салсақ, 2017 жылдан бастап аталған Польша мемлекетінің  жоғары оқу орындарында  академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша 125 студент білім алды. Сонымен қатар  шетелдік ғалымдар Жұбанов университетінде дәріс оқыды.

Ал, 2018 жылдан бастап Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде «Qazaq eli» мәдени орталығы жұмыс жасайды. «Qazaq eli» мәдени орталығы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған шара болатын. Сондай-ақ, былтырғы жылы Жұбанов университетінің жанынан Поляк тілі мен мәдениеті орталығы ашылған болатын, мұнда ақтөбелік студенттер поляк тілін меңгереді.

Кездесуде шетелдік ғалымдар поляк тілін қазақстандық студенттерге үйретудің ерекшеліктері туралы туралы әңгімелеп, Польшадан тыс поляк диаспорасын зерттеуге байланысты мәселелер жайлы баяндады.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан меймандар  Польша аумағында ұзақ уақыт өмір сүріп жатқан поляк халқының өмірі мен қызметі туралы, Польша жеріндегі мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи негіздері туралы кеңінен әңгімеледі.

Басқосуда оқытушылар мен студенттер шетелдік ғалымдарға өз сұрақтарын қойып, жиынға белсенді қатысты.

Іс-шараның соңында екі тарап бұл кездесу ғылыми және білім беру қызметінің барлық бағыттары бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.