Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов Университеті Польша қаласымен ынтымақтасты нығайтуда

Жұбанов Университеті Польша қаласымен ынтымақтасты нығайтуда

2017 жылғы 26 қазан күні  Университеттің Мәжіліс залында Польша елінің Быдгош каласының Дене шынықтыру және спорт экономика университетінің директоры А.Скалимен скайп-конференция өтті.

Аталмыш жиында академиялық ұтқырлық және студенттердің екі дипломдық сұрақтары қамтылды. Конференцияға Халықаралық қатынас ынтымақтастық орталығының директоры Г.Т.Шоқым, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.д. Т.А.Ботағариев, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылары В.И.Зейбель, Б.К.Мамытов және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысты. Конференция барысында профессор А.Скалий профессор-оқытушылар мен студенттер қойған сұрақтарға толық жауап берді.

Сондай-ақ, жиын кезінде Быдгощ қаласының Экономика университетінің студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы және профессор-оқытушылардың тағылымдамадан өтудің мазмұны мен бағыттары ұсынылды.