Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Арын оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

«Арын оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

Профессор М.Ғ.Арынның 85 жылдығына арналған «Арын оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның өткізілу мерзімі:

Пленарлық мәжіліс: 20 мамыр 2021 жыл. Басталуы: 10:00 (Ақтөбе уақыты)

Шеберлік кластары: 20 мамыр 2021 жыл. Басталуы: 15:00 (Ақтөбе уақыты)

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. М.Арынның педагогикалық және лингвистикалық мұралары

2. Ұлттық руханият кеңістігі: М.Арынның тәрбие тұжырымдамасындағы «Бес анық»

3. Білім беру жүйесіндегі дәстүрлер және инновациялар

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді

Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама материалын 2021 жылдың 18 мамырына дейін төмендегі электронды поштаға жіберу қажет: ped.aryn2021@mail.ru (файл автордың фамилиясымен аталуы тиіс). Біздің мекен жайымыз: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Молдағұлова даңғылы, 34. Байланыс телефондары: 8-701-808-13-08 – Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Жусупова Жанна Азатқызы. Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8-707-413-77-18 – Нұрлан Меруерт Нұрланқызы, 8-775-160-47-68 Бегимова Малика Маратқызы.

 

Конференция материалдарына қойылатын талаптар: Ақпараттық хат