Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті «Ashyq» пилоттық жобасына қосылды

Жұбанов университеті «Ashyq» пилоттық жобасына қосылды

Жұбанов университетінің әкімшілік ғимараты мен М.Арын атындағы бас оқу ғимаратына кіру «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша,  келушілер мен қызметкерлерді жұқтыру қаупі азаяды.

«Ashyq» мобильді қосымшасын Денсаулық сақтау министрлігі, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жасады.

Мобильді қосымшаны денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен біріктіру арқылы келушінің мәртебесі анықталады: ол адамның қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па екенін көрсетеді. Яғни, бизнес субъектісі — жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитарлық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

«Ashyq» жобасының мақсаты – қазақстандықтар «жасыл» аймақта жүргендей белсенділік танытулары үшін бизнес нысандарында қауіпсіз орта құру. Егер олар дертсіз болса, ПТР-тестінің теріс нәтижесі болса, онда адамдар қауіпсіз орта бар екенін біле отырып, объектілерге алаңсыз бара алады.

Ғимаратқа келушілерге «Ashyq» мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өту, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу ұсынылады. QR-кодты сканерлеу кезінде қосымшада келушінің мәртебесі анықталады.

* Егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырып, және оң нәтиже алса оған «қызыл» мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды.

* «Сары» байланыс тұлғаларына беріледі.

Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.

* «Көк» ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін қозғалуды білдіреді.

* «Жасыл» — қозғалыстың толық еркіндігінің белгісі.

Жалпы жобаны қолдану қоғамдық орынға келуші тұрғынның қауіпсіздігін сақтауға, шағын және орта кәсіпке карантин шектеуі күшейгеніне қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Ashyq» және SmartArsu университеттік мобильді қосымшасын біріктіру жоспарлануда.