Среда, Май 1, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз.

Алыс-жақын ел тұрғындарын бір-бірімен байланыстырып, ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңгеріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған байланыс саласы қызметкерлерінің де қоғамдағы орны ерекше.

Нақты адами ұстаным мен болып жатқан жайтқа бей-жайлық танытпай, мақсатқа жетуге ұмтылу сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры.

Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

 

 

Құрметпен,

Жұбанов университеті ректорының

міндетін атқарушы Рахым Бекназаров