Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде Батыс өңірінің ЖОО ректорлары кездесті

Жұбанов университетінде Батыс өңірінің ЖОО ректорлары кездесті

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің қатысуымен өткен ауқымды жиында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығы, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университетінің ректоры, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграр-техникалық университетінің Басқарма төрағасы, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің президент-ректоры, М.Өтемесов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры м.а., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры,  С.Байшев атындағы Ақтөбе университетінің президенті, Орыс-Қазақ халықаралық университетінің ректоры және Сүлеймен Демирель атындағы университеттің проректорлары бас қосты.

Кездесу барысында жоғары оқу орын басшылары өз оқу орындарында болып жатқан жаңалықтармен бөлісе келе, қазіргі таңдағы ғылым, білім беру және әлеуметтік салалар бойынша орын алып отырған өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дайындық төңірегіндегі сұрақтар ерекше назарда ұсталды.

Өз кезегінде Zhubanov University ректоры м.а., Рахым Бекназаров облыс аймағында білікті мамандар даярлау, шетелдердегі қазақ қандастарымызды студент қатарына қабылдау, шекаралас елдерде университет филиалдарын ашудың тиімді жолдары туралы ұсыныстар жасады.

Бүгінгі жиынның өзекті мәселелерді шешуге бағытталғандығын алға тартқан вице-министр Қуаныш Ерғалиев, айтылған ұсыныстардың барлығы министрлікке жеткізіліп, оқу орын басшыларымен біргелікте шешілетінін атап өтті.

Ресми бас қосу ары қарай, Батыс өңірдің ірі оқу орындарының бірі Zhubanov University танысуға арналған экскурсиямен жалғасты.