Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу (магистратура)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу (магистратура)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын мемлекет қамтамасыз етеді.

Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.

Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары үшін – кемінде 75 балл;

2) оқыту ағылшын немесе тілінде қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – кемінде 50 балл.

Ағымдағы жылғы 11-тамызда магистрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру басталды. Магистрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсуші 14 тамыз сағат 18:00-ге (жергілікті уақытпен)дейін кез келген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсырады.

Ол үшін үміткер виртуалды комиссия арқылы Zoom 5877461741, код ZhU005 келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Жеке куәлік, диплом қосымшасы мен КТ сертификаты.

Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.

Кеңес беру үшін  Жұбанов университетінде қабылдау комиссиясы жұмыс жасайды.

Сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады 87013684899, 87079054088.