Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Талапкерлерді оқуға шақырамыз!

Талапкерлерді оқуға шақырамыз!

Ақтөбе өңіріндегі белді білім ордасының бірі саналатын Жұбанов университеті мектеп және колледж бітіруші түлектерді жоғары кәсіби білім алуға шақырады.

2021-2022 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау, докторантураға оқуға түсу емтихандары бойынша қабылдау комиссиясы күн сайын (демалыссыз) сағат 08.30 – 18.00 аралығында 25 тамызға дейін жұмыс жасайды.

Оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдау Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан оқу орнының қабылдау залдарында жүргізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ  ТАЛАПКЕР!

Сіздің өміріңіздегі маңызды шешім қабылдау – кәсіпті таңдау сәті келді. Біздің оқу ордасының  білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді білім, ғылым және шығармашылық әлеміне шақырамыз!